3 жастағы қызын зорлаған педофилге шабуыл жасаған ана 30 жылға сотталды

/uploads/thumbnail/20170710085319653_small.jpg

30 жастағы Ноэми 30 жылға бас бостандығынан айырылды, деп жазады Қамшы ақпарат агенттігі.

Әйел 3 жастағы қызын зорлаған ер адамға шабуыл жасаған. Шабуыл жасай отырып, өлімші етіп сабаған. Денесіне түрлі жарақат салған.

Зорланған қызының суретін көргенде анасы ашуға ерік берген. Қылмыскердің жұмыс орнына барып, жазалаған.

Эрнесто Рамиреса есімді ер адамды істеген іс-әрекетін бетіне баса отырып, соққыға алған. Өрімдей жас қызды зорлауға қалай барғанын  айтып, өмір сүруге қақысы жоқ екенін бетіне басқан. Соққының астында қалған ер адам сол сәтте көз жұмған. 

Шолушы: Айгерім Таубай

Қатысты Мақалалар