Қанат Исламовтың бүгін жиырма төртінші жеңісіне жетті. Қанат Исламовтың АҚШ-тағы төртінші кездесуі.
Айта кетейік Қанат Ислам жекпе-жекті он екі раундқа созған болатын. Қанат өзінің не үшін он екі раундқа созғанын айтып берді деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі.
«Қазақ елі рахмет! Сіздерге жеңіс сыйлағаныма өте қуаныштымын! Қазақ елі менен нокаут күтті, бірақ менің жаттықтырушыларым маған ойынды он екі раундқа созуға тапсырма берді. Себебі Астана, Алматы қалаларында үлкен он екі раундтық жекпе-жектер күтіп тұр. Бұл кездесу сол ойындардың дайындығы. Алға Қазақстан, Алға қазақ елі»,- деді Қанат Исламов.
Жиырма төртінші кездесуінде жеңіске жеткен Қанат өз жеңісін елбасына арнайтынын жеткізді және залдағы көрермендерді елімізде өтетін ЭКСПО-2017 көрмесіне шақырды.