Соңғы тәулікте Қазақстанның бірдей үш облысында 4 бала суға батып көз жұмды

/uploads/thumbnail/20170710085347606_small.jpg

Қазақстан рЕспубликасының төтенше жағдай комитеті жақында бала қауіпсіздігі мен бақылауын қадағалау мен күшейту туралы мәлімдеген болатын. Осындай ескертпелерге қарамастан қайғылы жағдайлар күн санап өсуде деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі  Zakon.kz-ке сілтеме жасайды.

Мәселен, соңғы тәулікте Қазақстанның үш облысында  бірдей кішкене балалар қайғылы жағдайға ұшырады.

Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтаарал ауданы Жетісай қаласында Достық каналы суында 2004 жылғы жеткіншек суға батып кеткен.

Ал Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында Қайназар ауылында Қайназар өзеніне үлкендердің қарауынсыз қалған 2015 жылғы жас бала суға кеткен.

Дәл осы Қайназар өзеніне тағы бір 2015 жылғы сәби суға батқан. Сонымен бірге Жамбыл облысы Жамбыл ауданында Аса ауылында Аса өзінінде шомылып жүрген 2003 жылғы жеткіншек те суға батып қаза тапты.

ТЖК қауіпсіздендірілмеген жерлерде суға түспеу керектігін, кішкене балалар, сәбилерді  өзен, су, канал жанында қараусыз қалдыру да қауіпті екенін ескертеді.

 

Шолушы: Назерке МҰСА

Қатысты Мақалалар