Алматыда жалғызбасты қарттарды өлтіріп, пәтерлерін сатумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

/uploads/thumbnail/20170710085615858_small.jpg

Алматыда жалғызбасты қарттарды жауыздықпен өлтіріп, пәтерлерін өз аттарына заңсыз рәсімдеп, сатумен айналысып жүрген қылмыстық топ ұсталды. Ұйымдасқан топтың 45-ке жуық қылмыстық іске қатысы бар болуы мүмкін деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі 31 арнаға сілтеме жасай отырып.

Белгілі болғандай, баскесерлерді қылмыс әлемінің беделді тұлғалары басқарып отырған. Оның құрамына бұрынғы полиция қызметкерлері, нотариустер мен өзге күдіктілерді қосқанда, 20-дан астам адам кірген. Тергеу нәтижелері бойынша, иелері із-түссіз жоғалып кеткен пәтерлерді рәсімдеп-сатуға байланысты 4 жағдай анықталып отыр. Қазіргі кезде ұйымдасқан топ мүшелері ұсталып, қамауға алынған. 

Қатысты Мақалалар