Бағдаршамның қызыл түсіне қарамай жолдан өтпекші болған әйел сұмдық жағдайды бастан өткерді (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170710085603733_small.jpg

Жол қауіпсіздік ережелері адам қанымен жазылған деп бекер айтылмаса керек. Көлік жүргізушілері де, жаяу жүргіншілер де ережелерді сақтай отырып жол апатынан сақтануға болатынын біледі. "Сақтықта қорлық жоқ" демей ме? Алайда ержелерге немқұрайлы қарайтын адамдар да табылып жатады. Жол ережелерін сақтамайтын көлік жүргізуші өзі үшін де, өзгелер үшін де  аса қауіпті. Бір жеңіл авто көлік жүргізушісі жол ережесінде кішкене қателік жіберсе немесе рөлді басқара алмай кетсе қайғылы жағдай орын алмақ.

Алайда жаяу жүргіншілер де телефонға үңіліп, тіпті бағдаршамда қандай түс жанып тұрғанына да мән бермейтіндер бар. Бағдаршамның қызыл түсі жанып тұрса да асығып, жүгіріп өтетіндер бар екені жасырын емес. Оны күнделікті өмірде сізде, біз де көріп жүрміз.

Ал қазір Францияда болған жағдайға тоқаталайық.

Париждің ашық аспан күндерінің бірінде көше бойында бір топ адам жолды кесіп өтпекші болады. Бағдаршамда қызыл жанса да адамдар телефондарына қарап жолдан өте береді.

Осы жүргіншілердің арасында бағдаршамнан өтіп бара жатқан әйел де бар. Ол асығып бара жатқан кезде тыныштықты бұзған көліктің тежегішінің дыбысын естиді. Қатты шыққан тежегіш даусын естігін әйел шошып айқайлап жібереді. Бетін қолымен жауып қалады. Бірақ... Ол есін жиғанда қасында ешқандай көліктің жоқ екенін аңғарады. Түкте түсінбей жан жағына қарай бастайды да мына суретке көзі түседі.

Әйелдің тура алдында өзінің қауіпті сезген уақыттағы суреті тұрады. Онда «Өліммен бетпе-бет келе берме. Жолдан өтесің бе бағдаршамға назар аудар» деген жазба бар.

Міне, француздар жолға немқұрайлы қараудың арты қандай болуы мүмкін екенін осындай әрекетпен халыққа түсіндіруге тырысты. Дәл осы жағдай көп адамдардың ойлануына себеп болары анық.

Дайындаған: Назерке Мұса

Қатысты Мақалалар