Ақшаны бөлісе алмағаны үшін өз ата-анасын сотқа берді

/uploads/thumbnail/20170710085827032_small.jpg

32 жастағы Майкл Дэвистің ата-анасы лотереядан 101 млн. фунт жеңіп алады деп жазады Қамшы ақпараттық агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасай отырып. Олар ақшаның жартысын қайрымдылық қорына беріп, қалғанын туысқандары  мен достарына береді. Сонымен бірге жалғыз ұлы Майклға 1 млн. фунт бергенде, алғашында Майкл қатты қуанады. Бірақ қолына түскен ақшаны Майкл 1 айдың ішінде жаратып тастап, ата-анасынан тағы да  5 млн. фунт беруін сұрайды. Бірақ ата-анасы ұлының  бұл өтінішін орындамайды.

«Менің өмірім үнемі осындай болады деп ойладым.  Ақша көп болып ешқашан бітпейтіндей көрінді. Бірақ ата-анамның өтінішімді орындамауы мен үшін ауыр соққы болды»,- дейді Майкл. Ол шынымен де солай ойлаған. Тіпті ол ақша қолына түскеннен кейін жұмыстан да шығып кетіпті. 

Осы оқиғадан кейін Майкл өз ата-анасын сотқа береді. Өз ата-анасының іс-әрекетін адамгершілікке жатпайды деп есептеп сотқа арыз жазыпты. Оның айтуы бойынша ата-анасының жалғыз ұлына 1 млн. фунтты ғана бөліп беруі дұрыс емес екен. Алайда сот оның арызын қабылдамады.

«Майклда керемет мүмкіндік болды. Ол қолындағы ақшамен өз ойындағыдай өмір сүруіне болатын еді. Алайда ол мүмкіндікті пайдалана алмады», - деп мәлімдеді сот.

Шолушы: Әсел Өтешова

 

Қатысты Мақалалар