Аталмыш картада әлемнің әр түкпіріндегі мемлекеттердегі ауыз бекіту ұзақтығы көрсетілген деп жазады Қамшы ақпараттық агенттігі muslim.kz-ке сілтеме жасай отырып. Ескерте кетейік, карта көрсетілген уақыт мөлшері нобайлап берілген. Таңның атысы мен күннің батысы аралығында ішіп-жеуден, нәпсі қалауларынан, жағымсыз іс-әрекеттерден тыйылу жөнінен Канада мұсылмандары көш бастап тұр. 21 сағат! Ал, ең аз ауыз бекіту Аргентина мемлекетінің шеткері аумақтарындағы мұсылмандарға тиесілі екен.
Шолушы: Әсел Өтешова