Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығымен бірлесе отырып, Шымкент қаласында 2017 жылғы 2 маусымда «Ономастика саласындағы жұмыстарды ұйымдастырудың өзекті мәселелері» тақырыбында республикалық семинар өткізеді.
Іс-шара барысында өңірлердегі ономастикалық ахуал, идеологиялық тұрғыдан ескірген атауларды тарихи жер-су және ұлттық танымға жақын дәстүрлі атаулармен өзгерту мәселелері қаралатын болады.
Семинар жұмысына Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының мүшелері, ономаст-ғалымдар, жергілікті атқарушы органдардағы облыстық тіл басқармалары мен ономастика бөлімдерінің басшылары, сондай-ақ зиялы қауым және БАҚ өкілдері қатысады.
Пікір қалдыру