Солтүстік Корея туралы жантүршігерлік дәйектер

/uploads/thumbnail/20170710090349412_small.jpg

Солтүстік Корея туралы БАҚ жиі жазады. Бірі одан келетін қауіптен қорықса, енді бірі бұл қорқытуларға күле қарайды. Басқаларына жабық елдегі халықтың тұрмыс-тіршілігі қызық.

Қамшы ақпараттық агенттігі Солтүстік Корея туралы бірнеше дәйекті назарларыңызға ұсынады.

Мұнда заңды түрде кедей-кепшікті фотоға түсіруге тыйым салынған. Билік мұндай ақпаратты таратуға қорқады.

Көлік тек шенеуніктер мен әскерилерде ғана бар.

Мұнда әлемдегі ең үлкен стадион орналасқан. Оған 150 мың адам сыяды.

Оңтүстік Кореядан қашып келген босқындарға арналған арнайы Кйонг-донг атты қала бар. Алайда осы уақытқа дейін ол жерге ешкім келмеген.

Олардың NADA атты өз ғарыш агенттігі бар.

Дін мен порнографиялық мәндегі материалды таратқаны үшін атып тастайды...

1968 жылы ұсталған «Пуэбло» атты американдық барлаушы кеме әлі күнге дейін Пхеньянда тұр.

КХДР жартылай есірткіні заңдастырды.

2014 жылы футболдан Әлем Чемпионаты бір күнге кешіктіріліп берілді. Оны халыққа көрсетуге бола ма, әлде жоқ па соны тексерген.

Солтүстік Кореядан Оңтүстік Кореяға 60 жылда 23 мың адам қашқан. Оның тек 2-уі ғана қайтып оралған.

Елде ресми түрде рұқсат етілген әйелдерге арналған 18 шаш үлгісі және ерлерге 10 шаш үлгісі бар.

Солтүстік Корея коммунистік болып есептелмейді. Онда Ким Ир Сен жасаған Чучхе бойынша құрылған.

Капиталистік Американың белгісі ретінде саналатын джинсіді киюге аталмыш елде тыйым салынған.

Солтүстік Корея мен Оңтүстік Кореяның шекарасы әлемдегі ең қатты қорғалатын аймақ болып есептеледі. Оның ұзындығы 238 шаршы шақырымды құрайды.

у

Дайындаған: Әсем Әлмұханбет

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар