20 жыл бұрын Мартин қаласының тұрғыны Стефан Золейканың беті ісе бастаған. Ер адамның екінші иегін алып тастау мүмкін болмады. Кейін белгілі болғандай Стефан липоматозаның құрбаны болды.
Осы аурудан пайда болатын ісік бетте өте сирек шығады. Өкінішке орай, сантехниктің жолы болмады. Ұзақ уақыт екі баланың әкесі ауруға қарсы тұруға тырысты. Алайда мұнысынан түк шықпаған Стефан хирургтардың көмегіне жүгінеді. Ісіктің салмағы 6 келіге жеткен. Дәрігерлерден ісікті алып тастауды сұрайды. Алайда мамандар ондай операция жасау өте қауіпті екенін айтады. Соған қарамастан Стефан Золейка операцияға өз келісімін береді.
Операция сәтті өтті. Стефан ауруханадан шығып, туған-туысқандары мен достарын жаңа келбетімен қуантуға асық.
Пікір қалдыру