Бес-ақ күндік ғұмыры қалған студент қыздың арманы

/uploads/thumbnail/20170710090859198_small.jpg

 20 жастағы филиппиндік студент  Расин Прегунта  қатерлі ісік ауруынан көз жұмды деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі.

Дәрігерлер Расиннің қатерлі ісік ауруына ұшырағанын айтқан. Дәрігерлер Расиннің ағзасы ауруды көтере алады деп ойлаған, алайда Расиннен ауру күштірек болып шығады. Расин өзінің бес-ақ күн өмірі қалғанын біліп өз армандарын орындауға тырысады. Расин өзінің жерлеу  кезінде не істеу керектігін анасы мен әпкесіне айтып кетеді.

«Мен әдемі болып көз жұмуым керек»,- деп Расин өз әпкесіне айтып кеткен екен. Туған туыстары Расиннің барлық тілектерін орындауға бар күштерін салған.

Расин өлген кезде қандай табытта жататынын, қандай көйлек киетініне дейін ойластырып қояды. Басына қандай  гүл шоқтарын тағатынына дейін, тіпті бетін қандай ғып әрлейтініне дейін анасына   айтып  кеткен.

Расин көз жұмар алдындағы соңғы тілегі ол әкесінің қасында жерленуі екен. Анасы Расиннің соңғы тілегіне дейін орындаған.

Дайындаған: Ақнұр МҰХТАРХАН

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар