«Харакат аш-Шабаб» исламдық содырлар тобы жергілікті тұрғынды опасыздық үшін таспен ұрып тастаған. Жарақаттардан ер адам қайтыс болған деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап.
Жаза 28 мамыр күні Сомалидегі Рамо-Ади ауылында өткен. Мәліметтерге сүйенсек, 44 жастағы сомалийлік ер адамды жазалау барысында оны басы ғана көрінетіндей етіп жерге көміп тастаған.
Жергілікті ауданның губернаторының айтуынша, ер адамның екі әйелі мен балалары болған. Осыған қарамастан оның тағы бір әйелге көзі түскен. Ол әйелдің аяғы ауыр болып қалғаны белгілі болғанда екеуінің арасында неке болмағаны анықталған.
Харакат аш-Шабаб» исламдық содырлар тобы 2004 жылы құрылған. Оның мақсаты – шариғат заңы бойынша жүретін қоғамды құру.
Шолушы: Назерке МҰСА
Пікір қалдыру