Еуроодақ Сирияға қарсы санкцияны бір жылға ұзартты

    Gulim Zhaqan
    Еуроодақ Сирияға қарсы санкцияны бір жылға ұзартты

    ЕО Сирияға қарсы санкцияны бір жылға ұзарту жайында шешім қабылдады. Бұл жайында ЕО Кеңесінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Қамшы ақпараттық агенттігі.

    Құжаттамада көрсетілгендей санкцияға қатысты шешім ЕО-тың Сирияға қатысты стратегиясымен сәйкес. ЕО Сирия билігіне қарсы шектеу шараларын бейбіт тұрғындарға қарсы қысым репрессиясы жалғасқанға дейін сақтайды.

    «2017 жылдың 29 мамырында Кеңес ЕО-тың Сирияға қарсы шектеу шараларын 2018 жылдың 1 маусымына дейін ұзартты» делінген хабарламада.

    Санкциялық тізімге Сирия үкіметінің үш министрін қосты.

    Еске сала кетейік, 9 мамырды Дональд Трамп Сирияға қарсы санкцияны 1 жылға созған. 

    Шолушы: Гүлім Жақан

    Қатысты Мақалалар