"KLASSIK-2" компаниясы барлық тауарына Қытайдың жалған экспорттық декларациясын жасаған деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі kazpravda.kz-ке сілтеме жасап.
2015 жылдың тамыз айында "KLASSIK-2" компаниясы 1 млрд. 127 миллион теңгеге бағаланатын тауарды жалған құжатпен заңсыз Қытайдан Қазақстанға алып келген.
«Достық» кеденінен өткеннен кейін "KLASSIK-2" компаниясының өкілдері заңсыз тауарды 15 темір жол вагонына тиеген. Тауардың жартысы баж салығынсыз Қазақстан аймағында қалған.
Ақтаудың мемлекеттік кіріс Комитетінің қызметкерлері 15 вагондағы контрабандалық тауарды тапқан.
Шекарадан заңсыз өткізілген тауардың жалпы соммасы 1 млрд. 126 млн. 578 мың 159 теңгені құраған.
ҚР Қылмыстық істер бойынша Жоғары соты "KLASSIK-2" компаниясының өкілі Н.Бархударовқа 3000 АЕК көлемінде айыппұл салды және контрабандалық тауар тәркілеу туралы шешім шығарды.
Шолушы: Әсем Әлмұханбет
Пікір қалдыру