Жүкті ер адам табиғи жолмен қыз баланы дүниеге әкелді

/uploads/thumbnail/20170710091236061_small.jpg

  Америка Құрама Штатындағы  Орегондада 34 жастағы Томас Бити есімді ер адам  қыз баланы дүниеге әкелді. Бұндай оқиға әлемде бірінші рет болып тұр деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі.

Кішкентай сәбидің денсаулығы өте жақсы. Кішкентай сәби Томастың бірінші сәбиі екен. Дәрігерлердің айтуына қарамастан Томас кесермен емес табиғи жолмен дүниеге әкелген.

«Менің басқа аналарға қарағанда ерекшелігім, мен сәбиіме ана сүтін бере алмаймын»,- дейді бақытты әке журналистерге берген сұхбатында.

 Негізінде 34 жастағы Томас Бити дүниеге қыз бала  болып келген.  Ол кезде Томасты Трейси Лэгондино деп атап жүрген. Трейси өте әдемі қыз болған және сән бике болып жұмыс жасап жүріпті. Трейси «Miss Hawai Teen USA» сайысының жеңімпазы да болған. Трейси 20 жасында ер адамға ауысуға бел буып, адам танымастай болып өзгереді.

Томас ең бірінші төл құжаттарын ауыстырады. Содан кейін ота жасатып ер адамға айналады. Томас сақал мұртын өсіру үшін және дауысын өзгерту үшін апталап дәрілер ішеді. Томас тағыда операция  жасатып  сүт бездерін алдыртып тастайды. Бірақ Томас  аналық жатыры қалдырып қояды.

Томас үйленіп, 2003 жылы заңды некеге тұрады. 2005 жылы отбасымен  Бэнд штатында  жейде шығаратын фирма ашады. Томастың отбасы  балалары болғанын қалайды. Томас ойлана келе дүниеге сәби әкелуге бел буады. Томасқа бірнеше медициналық орталықтар көмектесуден бас тартады, бірақ біраз уақыттан кейін дәрігерлер көмек көрсетуге шешім қабылдаған. Дәрігерлер Томасқа   жасанды ұрықтандыру жолымен балалы болуға болатынын айтады. Бұл  оқиғадан кейін ерлі-зайыптылар әлемге әйгілі  болады. Келесі жылы Томастың өмірі туралы кітап шығады

Жүкті ер адам дүниеге қыз әкелді.

Қатысты Мақалалар