Бастапқы кезде қарапайым болып көрінген қыздың шын мәнісінде кім екенін көрген халық таңқалысын жасырмады (ФОТО +18)

/uploads/thumbnail/20170710091244889_small.jpg

Волейболшы Джиллиан Уильямс 20 жаста болғанда басынан қайғылы жағдай өтті. Спортпен шұғылданып, сұлулық байқауларына қатысып өз бағын сынап жүрген сұлу да белсенді қыздың болашаққа құрған жоспарлары көп еді.  

Джиллианның кенеттен тізесі ауыра бастайды. Кәсіби волейболшы ретінде ол тізесі әдеттегі тендиниттен бола ауырып жатыр деп ойлаған. Сондықтан жаттықтырушымен ақылдасып сол тоқсанға жоспарланған ойындарды ойнап болғаннан кейін дәрігерге көрінуді шешкен.  

Қыз барлығынан бұрын тегіршіктің үзілуінен қорыққан еді. Десе де, ол мәселені де оңайлықпен шешуге болатын еді. Алайда дәрігерлер спортшыға тізесінде қатерлі ісік пайда болғанын айтқан. Джиллиан Уильямс юинг ауруына шалдыққан болып шықты.

Екі жыл бұрын спортшы қыздың әкесі онкологиялық ауруға шалдыққан еді. Ер адам ауруды жеңіп шықты. Осы жайт қызына да күш берді.

Дәрігерлер Джиллианға бірнеше нұсқаны ұсынды. Олар аяқты сақтап қалуға болатынын айтты. Алайда ауру бірнеше есеге асқынуы мүмкін еді. Мамандармен ақылдасып спортшы қыз тізесін түгелдей кесуге келісімін береді.

Операция, химиотерапия, түрлі емдеу шараларынан өткен Джулианның сағы сынбады. Ол сары уайымға салынған ата-анасына да күш беріп, барлығы жақсы болатынын әркез айтып отырған.

«Жақсы сөз жарым ырыс» демекші қыз тез қалыпты өмірге қайта оралды. Ауруханадан шыққанына бірнеше ай ғана болса да ол волейбол ойнап, жаттығып жүр. Жаттықтырушы оның күш жігеріне тәнті болғанын айтады. Джиллиан елдің паралимпиядалық командасында орын алуды мақсат етіп қойды.

Сонымен қатар, Джуллиан сұлулық байқауы туралы да ұмытпады. Ол сахнаға протезде шыққан алғашқы жеңімпаз атанғысы келеді.

Дайындаған: Әсем Әлмұханбет

Қатысты Мақалалар