Аңшы ұстап алған 6 келілік құрбақа желі қолданушыларын таңқалдырды (ФОТО)

/uploads/thumbnail/20170710091417609_small.png


Оңтүстік Техас аңшылық  ассоциациясы  Маркус Рангель есімді аңшының ерекше түсімін жариялаған. Бұл суретте ер адам 6 келілік құрбақаны ұстап тұр. Оның сөзіне қарағанда, қосмекенді өзінің ранчосындағы судың ішінде мекендеген. Бұл туралы  South Texas Hunting Assoc  хабарлайды.
Егер аталған жағдай расталатын болса, бұл жануар әлемдегі ең үлкен құрбақа ретінде  Гинесс рекордтар кітабына енгізіледі. 
Алайда желі қолданушылары арасында бұл суреттегі құрбақа емес дейтіндер де табылды. Блогерлердің бірі 12 келілік чихуа-хуа да бұл құрбақадан үш есе кіші дейді. 
Дегенмен, Техастың жабайы табиғат пен саябақ депортаментінің қызметкері желі қолданушыларына бұл суретте расымен де құрбақа бейнеленген екенін мәлімдеді. Бұл жерде сенімсіздік тудырып тұрған нәрсе аңшының құрбақаны ұзын таяқта ұстып тұрғаны. Осының есебінен құрбақа тым үлкен болып көрінеді.

 

Шолушы: Назерке МҰСА

 

Қатысты Мақалалар