Адамдардың көбі ортағасырды әлемдік тарихтағы надандық пен мәдениетсіздіктің шыңына жеткен кезең деп есептейді. Оның шындыққа жанасатын тұстары бар. Алайда тарихшылар көп дәйектер әдебиет пен кинематографиядағы ойдан шығарылған дәйектерге негізделген деп есептейтіндерін айтады.
Қамшы ақпараттық агенттігі тарихшылардың жүргізген зерттеулеріне сәйкес көп адам шындық деп есептеп жүрген бірнеше әлем тарихындағы аңызды назарларыңызға ұсынады.
Шарап пен сыра лас судың орнына
Бірде-бір елді мекен ол уақытта сусыз өмір сүре алмағандығы әмбеге аян. Егер су ластанған болса тірі жанның тіршілік ете алмасы анық. Сондықтан адамдар лас судың орнына шарап пен сыраны ішті деуге келмес.

Адамдар 30 жасқа дейін ғана өмір сүрді

Шын мәнісінде бұл жай ғана статистика. Ол кезде әр отбасында бала өлімі тіркелген. Егер балалық кезеңнен аман-есен шықса 50-ден 70 жасқа дейін өмір сүрген. Ал 30 дегеніміз қариялар мен балалардың орташа жасы.
Адалдық белдігі

Табылған темір белдіктердің барлығы қазіргі заманның адамдарының қолынан жасалған. XIX ғасырда адамдар 1405 жылы салынған суретке қарап шабыт алатын. Онда ежелгі римдік дәстүр бейнеленген. Оған сәйкес, қалыңдықтың белі мен жамбасын арнайы белдікпен орайтын. Ол тазалық пен пәктіктің белгісі болып есептелетін.
Дайындаған: Сабина Рамазан