Атырау облысының мемлекеттік кіріс департаментінің экономикалық зерттеу қызметі жедел іздестіру жүргізу нәтижесінде Индер ауданының «Қазақстан Халық банкі» АҚ Атырау бөлімшесінің бастығы ұсталған. Бұл туралы Қамшы ақпараттық агенттігі zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Мұхтарова Р.Ш. 260 000 теңге көлемінде заңсыз қаражат алып отырған. Бұл қомақты ақшаны ол 5 миллион теңгеден көп мөлшерде кредит алушыларға олардың мәселесін шешіп беріп отырғаны үшін алып отырған.
Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жүргізілуде.