Франция президенті Эммануэль Макрон Ресей бұқаралық ақпарат құралдарын соның ішінде Russia Today мен Sputnik-ті «насихат ұйымдары» деп атады. Сол себепті аталған БАҚ өкілдерін ақпарат алуға өзінің сайлауалды компаниясы уақыты белгілі болғанға дейін кіргізбей қойған. Бұл туралы Қамшы ақпараттық агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап хабарлайды.
Макронның айтуынша, ол журналист қауымына ілтипатпен қарайды, алайда Russia Today мен Sputnik журналистерін мойындамайды. Олар «әсер етуші агенттер» сияқты дейді ол.
Аталған басылымдардың бас редакторы Маргарет Симоньян твиттердегі өз парақшасына француз президентінің айтқаны мүлдем логикаға сыймайды деп жазған.
Шолушы: Назерке МҰСА