9 жылын аралда өткізген Адамды Googlе арқылы құтқарып қалды (ФОТО)

/uploads/thumbnail/20170710091818653_small.jpg

Әлем әдебиеті мен кино саласынан аралда бірнеше жылын өткізген адамдарды жиі кездестіруге болады. Аралда бірнеше жылын өткізген адам шынайы өмірде де бар екен.  Жаңа технология арқылы адам өмірін құтқаруға болады дегенді Адам Джонстың басынан өткізген ерекше оқиғасы дәлелдеп бере алады.

Адам Джонс өз өмірінің 9 жылын аралда өткізген. Егер оны Google Earth арқылы құтқарып қалмағанда ол сол аралда есінен адасып, өліп кететін еді.

Адам ешқандай адам тұрмайтын аралға екі досымен бірге барған. Олар Ливерпулден Гавай аралына дейін кемемен жүзіп барғысы келіпті. Бастапқыда барлығы керемет еді. Олар кемемен Атлантиданы кесіп өтеді де, Тынық мұхитында олар жойқын дауылға тап болады.

Адамның достары оны борттан лақтырып жібереді, ал ол 17 күн бойы өз-өзіне келе алмай жүріпті. «Алғашқы 2 күн мен үшін өте қиын болды. Мен қатты шөлдедім. Сосын жаңбыр жинайтын құрылғы жасап шығардым, сол менің өмірімді құтқарып қалды»-, дейді Адам.

Адамның бастапқы уақытта баспана салуды шешкен. Оған баспана салу үшін 11 күн уақыт кетіпті. Ол әсіресе тамақ мәселесіне байланысты қатты қиналған көрінеді. Ол қарны қатты ашқаннан кейін аң аулай бастаған.

Ол осы аралда өмір бойы қалып қоямын деп қатты қорқып, күйзеліске түскенімен, біраз уақыттан кейін өз-өзіне келіп, түрлі жаттығулар жасай бастапты. Себебі оған аң аулау үшін физикалық күш керек болатын. 

Содан кейін үлкен тастар арқылы көмектесіңдер деген мағынадағы SOS деп жазған екен. Бұл әрекеті оның өмірін құтқарып қалған болатын.

Бір кезде ол аспандағы ұшақтың дауысын естиді.  Алғаш рет 9 жылдан кейін ол адамның даусын естіді.  Миннесотадағы бір оқушы Google Earth картасынан SOS  деген жазуды байқаған, сосын биліктегілерге хабарлапты.

Адамның осы уақытқа дейінгі төзімділігі мен шыдамдылығы әлемді таңқалдырды. Ол ешуақытта берілмегендіктен өз өмірін аман сақтап қалды. 

Аударған: Әсел Өтешова

Қатысты Мақалалар