Гиннес рекордтар кітабының өкілдері үндістандық Джоти Амджиді жақсы таниды. Алғашында рекордсмендер тізімінде әлемдегі ең кішкентай бүлдіршін болып енген, ал 18-ге толған соң Джоти аталмыш кітапқа ең кішкентай әйел ретінде енгізілді. Джотидің жасы бүгінгі таңда 23-те болғанымен сыртқы сұлбасы дәл 3 айлық сәби секілді. Теориялық тұрғыдан алып қарағанда, 23 жастағы кез-келген қыз ана атана алады, ал Джотидің бойы небәрі 62 см, салмағы 5 келі ғана.

Джоти жайында деректі фильм түсірілген соң ол баспа өкілдерінің сүйікті кейіпкеріне айналды. Бүгінде қыз профессионалды актриса болуды армандайды. Әуелі өз үйін, кейін Болливудты, осының бәрін өткерген соң америкалық Голливудты жаулау – оның басты мақсаты. Қазірдің өзінде ол әртүрлі сериалдарда шағын рөлдерді сомдайды.



Шолушы: Гүлім Жақан