Ребекка Кориам Disney Wonder атты кемеде бала күтуші болып қызмет еткен. Кеме Мексикадағы Пуэрто-Вальяртаның жанынан өтіп бара жатқанда Ребекка кемеден жоқ болып кеткен. Компания өкілдері қатты толқынның салдарынан Ребекка суға құлап кеткенін айтқан. Алайда қыздың ата-анасы оған күмән келтіріп отыр.
Ребекканың әке-шешесі оны зорлап, одан кейін суға лақтырып жіберді деген ойда. Себебі сол күні теңіз тыныш болған екен. Сонымен қатар, олардың сөзінше Багам аралдарындағы полицияға ақша беріп қойғаны және ешқандай тексеру жұмыстары жүргізілмегенін айтады.
«Тексеру жұмыстары әділетті жүруі тиіс. Оны өлтіріп тастады ма деп қатты қорқамын» дейді досы.
Ребекканың туыстары оны Хоул университетінің үздік студенті ретінде сипаттайды. Ребекка онда балалар психологиясын оқыған.
Шолушы: Әсем Әлмұханбет