30 жастағы Сандра Линле Оңтүстік Каролинадағы сұмдық жол апатында аман қалды деп жазады Daily Mail.
Мас күйінде көлік айдаған жүргізушінің кесірінен Сандра ауыр жағдайды бастан өткерді. Ішіп алған көлік жүргізушісі Сандраның көлігіне соққан. Дәрігерлер ұзақ уақыт оның өмірі үшін күресті. Екі мәрте жүрегі тоқтап қала жаздаған. Оны жасанды тыныс алдыратын аппаратқа қосқан.
Оның басы ауызқуысына түскен инфекцияның салдарынан үлкен шар секілді ісіп кеткен екен. Дәрігерлер оның жақын уақытта тіссіз қалуы мүмкін екенін айтады.
Жол апатының салдарынан Сандра сәнбикелік мансабын қалдыруға тура келді. Ол соңғы кездері суицид туралы жиі ойлайтынын айтады.
«Апаттан кейін өлгім келді. Мен өмірді, бүкіл әлемді жеккөрдім. Алты жыл бойы бетімді шашпен жауып жүрмін» деп өз қайғысымен бөлісті.
Шолушы: Сабина Рамазан