2009 жылы сегіз баланы дүниеге әкелген ана естеріңізде ме? Қазіргі таңда бұл балалардың жағдайы жайлы Қамшы ақпараттық агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап, оқырман назарына ұсынады.

2009 жылы Натали Сульман есімді жас ана сегіз бала туып, бүкіл Американы дүр сілкіндірген еді. Бір қуанарлығы, Наталидің балаларының барлығы да дені сау болып дүниеге келген.

Наталидің Камрава есімді дәрігерінің айтуынша, оның жатырынан 12 эмбрионды анықтаған.

Ол уақытта Наталидің одан бөлек 6 баласы болған.

Сегіз баланың есімдері: Ноа, Мали, Исайя, Джон, Макай, Джозайя және Джеремайя.

Натали 14 баласының барлығына қамқор болып, оларды қамтамасыз етуге тырысты. Ол уақытта Натали мектеп бітірейін деп жатқан болатын.

«Мен балаларымның барлығына қарай аламын, тек мектеп бітіріп алайын. Егер бұлардың болашағын ойламай, диванда теледидар көріп жата беретін болсам, ол менің жеке басымды ғана ойлағандығым болар еді», - дейді он төрт баланың анасы.

Натали бірнеше рет телевизиялық шоуларға шығып, қаржылай көмек сұраған. Өзінің жеке реалити-шоуының жобасын жасап, келісімшартқа да қол қойған. Алайда, ол шоу телеэкранға шықпады.

Бірнеше күн бұрын сегіз бала өздерінің туған күндерін атап өтті. Балалар алаңында көңіл көтеріп, ойнап, туған күндерін өте қызықты етіп өткізді.

Қазіргі таңда Натали өзінің 14 баласымен бірге Лос-Анджелесте қала сыртындағы кішігірім үйді паналап жүр.


Шолушы: Назерке Лабихан