Ауғанстан астанасы Кабулада Германия елшілігінің жанында жарылыс орын алған деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасай отырып. Терракттан қаза тапқандар бар. Қазіргі уақытта ауруханаға 67 зардап шеккен адам жеткізілді.
Жарылыстың ауқымы кең болғаны соншалық бірнеше жүз радиуста орналасқан ғимараттардың терезелері мен есіктері ұшып кеткен.
Жарылыс жергілікті уақытпен 8:30-да болған. Әзірге ешқандай террористік топтар бұл әректті мойындарына алған жоқ.
Шолушы: Назерке МҰСА