Шетелдегі отбасылардың көбісі 2-3 баланы дүниеге әкелумен ғана шектеледі. Әсіресе Британия елінде көп балалы отбасылар мүлдем аз десе де болатын шығар. Бірақ сол елдегі Радфордтар отбасы қазіргі кезде өте атақты. Себебі олардың отбасы 20-баламен көбеймекші. Сью алғаш рет 13 жасында аяғы ауыр болыпты. Содан кейін араға ешқандай үзіліс салмай 14 жыл бойы босанып отырған.

20 шақты баланың ата-анасы Ноэл мен Сью Рэдфорд журналистердің назарында болуға үйреніп қалған. Радфордтар отбасы Британиядағы көпбалалы отбасы ретінде танымал болды. 45 жастағы Ноэль мен 40 жастағы Сью жасөспірім кезден бері бірге тұрып келеді. Алғаш рет Сью 14 жасында босанған. Соңғы 14 жылда Сью өз күйеуіне көп бала сыйлады. Қуанышқа орай отбасында қаржы жағынан ешқандай мәселе жоқ екен. Ноэль мен Сью бизнеспен айналысады және де олардың түңғыш баласы Чете Рэдворд та көмектесіп тұратын көрінеді.

Жақын арада олар 20-баланың дүниеге келуін тойламақшы. Олар 20 шықты баланың ата-анасы ғана емес, сонымен бірге 3 немеренің ата- әжесі болып отыр. Күнделікті олардың киім-кешегі мен тамақтарын алып отыру біраз қиынға соғатынын мойындаған еді. Ал сол киімдерді жуу туралы мүлдем сөз қозғамаған дұрыс секілді.

Қазіргі уақытта Рэдфордтар отбасында 10 ұл 9 қыз бар. Олардың достары ендігі кезекте дүниеге қыз баланың келгенін қалап отыр. Сол кезде ұл мен қыздың саны тең болатын еді дейді.

Бұл отбасындағы бала саны қазақ халқы үшін аса таңқаларлықтай жағдай емес шығар. Бұрындары аналарымыздың 13 жастан бастап тұрмысқа шығып, 10-нан астам баланы дүниеге әкеліп отырған. Алайда қазіргі уақытта мұндай оқиғалар сирек кездеседі. Әр бала өз несібесімен дүниеге келетіндігін Радфордтар отбасы дәлелдеді.
Дайындаған: Әсел Өтешова