Жойқын дауыл. 10 жылдан кейінгі күтпеген кездесу. Көз жастарын тия алмаған отбасы

/uploads/thumbnail/20170710092842975_small.jpg

Индонезия мен Таиланд жағалауларында болған жойқын жер сілкінісіне, онымен қоса алапат цунамиге осымен 12 жыл толды. 300 мың адамға дейін қаза тапты, аман қалғандар ауыр жарақаттанды, үйсіз, күйсіз қалды. Сол күнгі жаңғырық, халықтың сол күнгі зары бүгінгі күнге дейін елдің құлағында.

Цунами кезінде Раудхатул Джанна есімді бүлдіршін ұшты-күйлі жоғалып кеткен. Отбасы, тұрғындар солай деп болжаған. Себебі, жойқын апаттан кейін оның не тірі, не өлі денесі табылмаған.

Қыздарын іздеп табу үшін ата-ана бірнеше айын жұмсады: қаланың әр бұрышына хабарландырулар іліп, бұзылған аймақтың бәрін іздеді. Қыз ақыры табылмаған.

Сөйтіп, арада 10 жыл өтті. Бірде Раудхатулдың ағасы көшеде алаңсыз кетіп бара жатып, таныс адамды көргендей болады. Үңіліп қараса, өзінің қарындасы, 10 жыл бұрынғы апаттан жоғалып кеткен қыз екенін байқайды, тіпті өз көзіне өзі сенбеген. Жоғалған бала өлмеген екен, оны Мириам есімді қартаң келген әйел тауып алып, өсірген. Сондай-ақ, қыз өз ата-анасынан небәрі 80 км. жерде орналасқан.

10 жылдан кейін қыз бала отбасымен қауышты. Бүгінде жасы 14-те, ата-анасы қыздарының қайтып келгеніне әлі күнге дейін сенбей жүр. Бір-бірімен қауышқандағы сәттерін отбасы ешқашан ұмытпайды.  

Шолушы: Сабина Рамазан

Қатысты Мақалалар