12 жастағы Манчестерлік мектеп оқушысы Тирез Глазго үйде сөмкесін ұмытып кеткені үшін өз-өзіне қол жұмсаған деп хабарлайды life.ru. Мектепке кешігіп келген Тирез сөмкесін ұмытып кеткенін байқаған соң мұғалімнен сөз есутден қатты қорқып үйіне қайтып кеткен де сонда қаза тапқан.
Жеткіншектің анасына баласының сабақта жоқ екенін ескерткен соң анасы үйіне барған. Сонда ұлының денесін көрген.
Тирез өте ұқыпты, сабақтан мүлдем қалмайтын оқушы болған. Анасының айтуына қарағанда ол мектептен қалып мұғалімдерден сөз естуден, сабаққа кешігіп барудан қорыққан.
Алайда оның анасы істің осыншалықты насырға шабатынын тіпті ойламаса керек.

Тирез әке-шешесінің айырылысуына қатты қапа болып жүрген екен. Тіпті психологқа қаралып жүргендігі белгілі болды. Мамандар баланың мұндай әрекетке баруына ата-анасының ажырасуы, психологялық әлсіздік пен өзіне деген сенімсіздік итермелеген дейді.
Шолушы: Сабина Рамазан