Егіз күткен отбасы да, дәрігерлер де дәл былай болады деп ойламады...

/uploads/thumbnail/20170710092934445_small.jpg

Ерлі-зайыптылар балалы болуды қалайды.  Күйеуі ұрпақ жалғасыруды қалап ұл  күтеді.

Әйелі жүкті болған кезде оларға егіздер болады деп айтқан. Әрине бұл жұбайлар үшін күтпеген тосын сый еді.

"Дәрігерге қаралып жүрген кезде ішімде біреуі ғана қозғалатын сияқты болып сезілді"- дейді әйел. Алайда дәрігерлер барлығы дұрыс деп сендірген.

«Туған күнімді тойладық, ертесінде толғақ басталды.Таңға жуық 3 бала босандым»-деп есіне түсіреді әйел. Екі бала болады деп айтпап па едіңіздер? деймін тағы дәрігерлерге.

Күйеуіме телефон шалардың алдында дәрігерлер дұрыстап түсінікті етіп айт деп ескертті.

«Кімді босандың деген күйеуіме:

-Екі ұл бір сүп-сүйкімді қыз» деймін. Телефонның арғы жағында тыныштық орнап қалды да, күйеуім қарқылдап күле бастады. Екеу бар жерде үшеу де болады дейді.

Кейін расымен де екі ұл мен бір қызымды көрсеткенде нағыз бақыттың қандай болатынын сезіндім.

 

Шолушы: Сабина Рамазан

Қатысты Мақалалар