Шерри Джонсонның жоғарғы білімі жоқ. Бүгінде ол тоғыз баланы тәрбиелеуде. Күйеуі екеуінің арасы үнемі дау дамайға толып жүреді.
Шерри Джонсон 11 жаста болған кезде ол өзін зорлаған ер адамға тұрмысқа шыққан. Оны зорлаған адам 20 жасатағы шіркеуге келушілердің бірі болған. Қыз жүкті болып қалған соң қамқорлық органдары қылмыстық істі жабудың ең оңтайлы жолы Шерриді сол ер адамға тұрмысқа беру деп шешкен. Ал Шерридің басқа амалы болмаған.
"Анам менен бұл некені қалайсың ба деп сұрады. Ал мен болсам неке деген не деп сұрадым, әйел болу деген қалай дедім. Ол менің бұл білместіктен туындаған сұрақтарымды менің келісімім деп шешкен".
Шерри Флорида штатында тұрады. Бұл штатта некеге тұрудың минималды жасы бекітілмеген. Оның айтуынша одан бөлек басқа да жас қыздар өзерінен үлкен ер адамдарға тұрмысқа шығып жатты. Бұл шіркеудің өз қылмысын жабу үшін жасалатын қитұрқы әрекет дейді.
"Бұл өмір өмір емес. Мен мектепті тасауға мәжбүр болдым. Ал қазір менің тоғыз балам бар"-дейді әйел.
Шерри шіркеу қызметшісі мен шіркеуге келушілердің тарапынан зорлыққа тап болып, 10 жасында бірінші баласын босанады. Бір жылдан кейін оны өзін зорлаған адамға тұрмысқа шығарады.
Бүгінде Шерри қоғамдағы орын алып жатқан осындай әрекеттерге тоқтау қою керек екенін айтып, әділдікке шақыруда.
Шолушы: Сабина Рамазан