400 грамм салмақпен дүниеге келген сәби ғажайып күшпен аман қалды (ФОТО)

/uploads/thumbnail/20170710093206181_small.jpg

Кардифф қаласындағы бір отбасының басынан  өткен оқиғаны Қамшы ақпараттық агенттігі оқырман қауымға ұсынады. 

Кевин есімді сәби  23 апталық болып дүниеге келген. Дүниеге келген сәтте оның салмағы небәрі 400 грамм болған. Кішкентай шақалақтың сүйектерін ең ұқыпты деген дәрігерлер де сындырып алады. Аяқтарымен қоса қабырғасы да сынған нәресте өмірге деген құштарлығын жарық дүние есігін аша салысымен көрсетеді. 

Өзінің мезгілінен бұрын дүниеге келуімен қатар асқазанынан инфекциялық аурудың бар екені анықталады. Шақалақ бірнеше операцияны басынан өткереді. Сәбиге ондаған қан құю жұмыстары жүргізіледі. Нәтижесінде сәбидің жағдайы бір қалыпқа түседі.

Ал бүгінде сәби 1-ге толып, салмағы 7 келіні құрап отыр. 

Әкесі мен анасы сәбидің өмірге деген құштарлығын мақтан тұтса, дәрігерлер баланың дені сау болып өсетініне сенімді.

Дайындаған: Айгерім Таубай 

 

Қатысты Мақалалар