Ұлттық пантеонда кімдер жерленетіні белгілі болды

    Assem Almuhanbet
    Ұлттық пантеонда кімдер жерленетіні белгілі болды

    ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 29 мамырдағы № 307 қаулысымен Ұлттық Пантеонға кім жерленетіні анықталды деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі.

    Олар:

    -ҚР Президенті қызметін атқарғандар және оның отбасы;

    -ҚР Премьер-министрі мен оның орынбасарлары, ҚР Парламент палатасының өкілдері және олардың орынбасарлары, ҚР Мемлекеттік хатшылары, ҚР Президент әкімшілігінің басшылары, ҚР Конституциялық Кеңестің төрағалары, ҚР Жоғары Соты және Ұлттық Банк төрағалары.

    - Министрлер, мемлекеттік органдардың басшылары, облыс әкімдері, республикалық мәні бар қала әкімдері, астана әкімі;

    - «Халық қаһарманы», «Қазақстанның Еңбек Ері» атағына ие болғандар;

    - «Алтын Қыран», «Отан», «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев», «Еңбек Даңқы» ордендерімен марапатталғандар;

    - «Совет Одағының Батыры», «Әлеуметтік Еңбек Ері» атағына ие болғандар;

    - «Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы» атағына ие болғандар;

    - ҚР Президентінің шешімімен басқа да ерекше азаматтар;

    - Пантеонда жерленетін адамдардан кейін қайтыс болған жұбайлары да жерленеді. 

    Шолушы: Әсем Әлмұханбет

    Қатысты Мақалалар

    Бәріміз қазақпыз ғой!

    Бәріміз қазақпыз ғой!

    12:57, 06 наурыз 2025