Түрмеде 12 жыл қамауда болған қандықол әйел мектепке ерікті болып жұмысқа кірген

/uploads/thumbnail/20170710095207103_small.png

Карла Хомолка Канадалық әйел. Ол жеткіншек қыздарды зорлап өлтіргені үшін 12  жыл бойы қамауда болған. Қазіргі таңда христиан мектебіне ерікті болып жұмысқа тұрған. Қандықол қылмыскердің жақындары мектеп әкімшілігінің әйелдің өткен өмірі туралы жұмысқа ламй тұрып білгендігін мәлімдеген.

Карла Хомолка қазіргі заман қандықол қылмыскерлердің ең атақтысы. Ол күйеуі екеуі екі жеткіншек қызды өлтірген. Туған сіңілісі де өзінің құрбаны болды. Алайда ол барлық кінәні күйеуіне жаба салған.

2005 жылы түрмеден босаған Хомолка тұрмысқа шығып, аты-жөнін өзгертіп, өзінің балалары оқитын мектепке ерікті болып жұмысқа тұрған. Карла мұғалімдерге мектеп оқушыларына қарауға, оқушыларды тоқуға үйретуге көмектеседі екен.

Христиан мектебінде оқитын оқушылардың ата-аналары балаларының қандықол қылмыскер қарауында екенін естіп естерінен алжаса жаздаған. Олар Карлаға мектепге келуге тыйым салған. Алайда мектеп әкімшілігі Карланың оқушылармен жеке қалмайтындыған айтып ата-аналарды жұбатқан.

«Өз балаңыздың қандықол қылмыскермен сөйлесіп, араласып жүргенін естісеңіз қандай сезімде боласыз?» деп қынжылады ата-аналардың бірі.

 

Шолушы: Назерке МҰСА

Қатысты Мақалалар