Сот айыпталушының 5 жастағы баласымен ақылдасып, шешім шығарды

/uploads/thumbnail/20170710095235244_small.jpg

Тыйым салған жерге көлігін қойғаны үшін айыпталған ер адамның соты болды. Көлік жүргізушісі сотқа 5 жастағы баласын ертіп келген. Сот баланы көріп, жанына шақырады. Алдына отырғызып бірнеше сұрақ қояды. Джейкоб кідірместен жауап берді. Келешекте аспаз болуды армандаған бала пиццаны жақсы көретінін айтады. Сот балаға әкесіне қатысты үш шешімнің бірін шығаратынын айтады. Олар: $90 айыппұл салу, $30 немесе мүлде айыппұл салмау. "Соның қайсысы дұрыс?" деп сұрайды Джейкобстан. Ол ойланбастан екінші нұсқаны таңдайды. Сот баладан таңғы асын ішкен, ішпегенін сұрайды. "Жоқ" деп жауап берген балаға, "Онда мен әкеңе айыппұл салмаймын. Сол $30-ға саған таңғы ас алып берсін" дейді сот.  

Шолушы: Әсем Әлмұханбет

Қатысты Мақалалар