Қуыршаққа арналған қораптан жүктілікті анықтайтын құрал мен хат шықты

/uploads/thumbnail/20170710095259979_small.jpg

Халықаралық балалар құқығын қорғайтын Save The Children ұйымы кәмелет жасқа толмай жүкті болудың салдары туралы видео жариялады деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі. Онда кішкентай қыз қуыршаққа арналған қорапты тағатсыздана ашып, оның ішінен жүктілікті анықтайтын құралды көреді. Ішінен «Әр екі секундта бір қыз дүниеге келеді» деп жазылған хатты тауып алады.

БҰҰ мәліметінше, жас аналар көбіне ауылдық жерлерде, әлеуеті төмен адамдар тұратын және білім деңгейі төмен аудандарда тұрады. Көп жағдайда олар мектепті тастап кетеді.

Жыл сайын әлемде 16 миллионға жуық 15-19 жас аралығындағы қыздар ана атанады. Бір миллионға жуығы 15 жасқа дейін жүкті болып үлгереді.

Жыл сайын 10 мен 19 жас аралығындағы 70 мың қыз жүктілік кезінде немесе босанып жатқан уақытта көз жұмады. 

Шолушы: Әсем Әлмұханбет

Қатысты Мақалалар