Ғалымдар Австралия жағалауында ерекше балықты ұстаған. Ерекше су балығының «беті» жоқ. Бұл туралы РИА Новости хабарлайды. Typhlonus nasus аталатын балықтың көздері жоқ, ал аузы болса басының астында орналасқан. Алғаш рет бұл балық туралы мәлімет 19 ғасырдың 70-жылдарында айтыла бастаған.
Ғалымдар бұл 40 сантиметрлік балықты 4 шақырым тереңдіктен тапқан. Экспедиция барысында Австралияның шығыс жағалауында ғылымға бүгінге дейін белгісіз болған балықтар мен су асты тіршілік иелері табылған.
