Семейде «Балаларды қорғау күнінде» балаларға үлкен қауіп төнген

/uploads/thumbnail/20170710095348620_small.jpg

Семей саябағындағы «сайтан» доңғалағы аяқ асты аса жылдамдықпен айнала бастаған. Аттракционда адамдар болған, деп жазады Қамшы ақпараттық агенттігі.

«Автоәуесқой отбасыларының бірлестігі» ұйымының өкілдері оқиғаның дәл Балаларды қорғау күнінде орын алғанын айтады.

Саябақ қызметкерлері аттаркционды бірден тоқтатқан. Оқиға куәгерлері болған жағдайды видеоға түсіріп алған. Видеодан байқағанымыздай, аттаркцион тоқтаған соң жоғарыда қалып қойған адамдарды төменге түсіру үшін ер адамдар оны қолдарымен айналдырған.

«Мұндай жағдай бірінші рет болып тұрған жоқ. Екі жыл бұрын осы аттракцион мен отырған сәтте де тоқтап қалған. Біз жоғарғы бөлігінде қалып қалған едік», - дейді «Автоәуесқой отбасылар бірлестігінің» өкілі.

Айта кетерлігі, Семейдегі бұл «сайтан» доңғалағы ескірген аттракциондар қатарына жатады. Жөндеу жұмыстары жүргізіле ме, жоқ па – ол жағы белгісіз. Алайда саябаққа келген бала бұл аттракционға отырмай кетпесі анық.

Шолушы: Гүлім Жақан

Қатысты Мақалалар