Егер сіздің лентаңызда жақында ата-аналы болған адамдар немесе балалы жақындарыңыз болса онда сіз балалардың суреттерін көру керемет әсер қалдыратынын, бірақ сонымен бірге қауіпті екенін түсінетін боларсыз. Ғаламторға өзіңіздің сәбиіңіздің, балаңыздың суретін салмас бұрын төмендегі жайттарды ескерген,білген жөн.
Кез-келген адам ғаламтордың қауіпті мекен екенін біледі. Көпшілік ата-аналар балаларының қандай сайттарда отыратынын, әлеуметтік желілерін қарап тексеріп отырады. Мұндай қадағалудың жөні бар.
Әлеуметтік желі қолданушыларының көпшілігі балаларының суретін желіге жүктеп хэштегге оның есімін, фотоға түскен жерді, мектепті, балабақшаны белгілеп қойып жатады.
2016 жылы Автралияда екі жеткіншектің ата-анасымен түсірілген суреттері қара базарға кетіп қалып, педофилдерге ақшаға сатылған жаңдай орын алған. Осы орайда сіз де, балаңызда оның өмірін қадағалап, бақылап жүрген адамдардың бар болуын білмеуі мүмкін.
Сондықтан баланың суреттерін әлеуметтік желілерге жүктемеген абзал. Бір қарағанда қауіпті ешнәрсе жоқ секілді. Балаңыздың суда отырғанын суреті сүйкімді көрінетін сияқты.
Осыған байланыты ғаламторға баланың суретін жүктеу кезінде:
Жалаңаш немесе жартылай жалаңаштанған балаңыздың суретін салмау керек;
Фотошоп жасалуға қолайсыз болу керек;
Әлеуметтік желіңіздің қауіпсіздігіне назар аудару керек, суретті тек достарыңыз көре алатындай ету;
Әрине, бұның бәрі бос сандырақ болып көрінуі мүмкін. Алайда біз ақыл естері тұрақсыз түрлі ауру адамдар бар бұзылған қоғамда өмір сүреміз. Ешкімге сенуге болмайтын заман да тек сақтану керек, себебі шын мәнінде, сақтансаң сақтайды.