Алматыда «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» орналасқан ғимараттан қызметкерлер шұғыл эвакуацияланды, деп жазаы Қамшы ақпараттық агенттігі.
Бүгін Алматы Ішкі істер департаментіне «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» орналасқан ғимаратқа жарылғыш зат қойылды деген хабар түсті. Ғимарат Абылайхан мен Қазыбек Би көшелерінің қиылысында орналасқан.

«Қазіргі уақытта банк қызметкерлерін эвакуациялау ісі жүргізіліп жатыр. Жарылғыш зат іздестірілуде», - деді ІІД баспасөз қызметі.
