Кез-келген дау, жанжал атаулы оған саяси адам, саясат қызметкерінің қатысы болса үлкен резонанс тударытыны белгілі. Қамшы ақпараттық агенттігі әлемдегі ең аты шулы жанжалдарды оқырман назарына ұсынады.
Алғашы сатыда, әрине "Уотергейт оқиғасы" немесе "Уотергейт жанжалы"
АҚШ-тағы және әлемдегі ең танымал жанжал. 1972 жылы жазда АҚШ президентінің сайлауы өтуіне 4 ай қалғанда орын алған. «Уотергейт» аталатын қонақүйде бес адам ұсталады. Олар құпиялы құжаттарды алып, тыңдамақшы болған. Барлық күдік екінші рет сайлауға қатысқалы отырған президент Ричард Никсонға түседі. Орын алған жанжалға қарамастан Никсон президенттік сайлауға қатысып жеңіп шығады. Алайда «Уотергейт» оқиғасына байланысты зерттеу жұмыстары сайлаудан кейін де жүргізіледі. Осы кезде «Вашингтон пост» басылымының журналистері Нисконның осы оқиғада кінәлі екенін дәлелдеп шығарады. Нәтижесінде алғаш рет АҚШ тарихында президент өз еркімен орнынан кетеді.

Венгрия президентінің докторлық диссертациясы
1992 жылы венгрлік саясаткер Пал Шмитт Олимпиада ойындарына байланысты диссертация қорғайды. Жиырма жыл өткен соң ол президент қызметінде болған кезде оның диссертациясы плагиат деп танылады. Диссертация толық басқа автордан, нақтырақ айтқанда спорт қайраткерінен көшірілген болып шығады. Осыдан кейін Пал Шмитт докторлық дәрежесінен айырылады, үш күннен кейін президенттігінен де бас тартады.

Билл Клионтонның жанжалы
1998 жылы АҚШ-тың 42-президенті Билл Клинтон бүкіл әлемге өзінің президентке лайықты емес жүріс-тұрысымен танымал болды. Ол өзінің жас көмекшісі Моника Левинскимен қарым-қатынаста болғаны үшін айыпталған. Әу баста өзінің бұл жанжалға еш қатысы жоқ екенін айтып ақталса да, кейіннен бәрін мойындаған.

Ирландия премьер-министрінің сұхбаты
2010 жылы Ирландия премьер-министрі Брайан Коуэн Дублин радиостанциясына сұхбат береді. Ол қарапайым экономикалық саясатқа байланысты сұрақтарға жауап бере алмаған. Өзінің даусымен адамдарды қорқытып жіберген. Оның сұхбаттан бір күн бұрын өзінің кеңесшілерімен кейбір сұрақтарды талқылау үшін «жиналысы» өткені белгілі болған. Келесі жылы премьер өз қызметінен кеткен. Алайда оған тек қана оның нашар сұхбаты ғана емес елдегі экономикалық дағдарыс та себеп болған.

Георгий Гонгадзе өлімі
Георгий Гонгадзе украиналық журналист, «Украинская правда» порталының негізін салушы. Президент Леонид Кучманың криминалды өмірін зерттеген. 2000 жылы ол жақындарына өзінің артынан белгісіздер аңдып жүргенін хабарлаған. Екі айдан кейін журналист із-түссіз жоғалған. Арада біраз уақыт өткен соң оның бассыз денесін Киевке жақын жерде табылды. Журналист өліміне мемлкет басшылығының қатысы бар екені кейіннен анықталды.

Дайындаған: Назерке МҰСА