Дубай көшелерін енді робот сақшылар күзетеді

/uploads/thumbnail/20170710100003220_small.jpg

Дубай көшелерін енді робот сақшылар күзетеді, деп хабарлайды Қамшы ақпарат агенттігі 24.kz-ке сілтеме жасап. 

Олар қаланың кісі қарасы қалың аудандары мен сауда орталықтарында кезекшілік етеді. Егер кибер-полицейлерлерге жүргізілген сынақ сәтті өтсе, 2030 жылға қарай Дубай құқық қорғаушыларының 25 пайызы роботтан жасақталады.

 Дөңгелекті жаңа құрылғының биіктігі адам бойымен бірдей. Оған түрлі белгі беретін құрылғылар мен бейнебақылау орнатылған. Кез келген адам ақылды құлтемірді көмекке шақырып, сенсорлы экраны арқылы қажетті ақпаратпен таныса алады. Ал оған түскен ақпарат бірден құқық қорғау органдарына жіберіледі.

Халид Нассер, полиция қызметкері: -Бұл роботтар демалу дегенді білмейді. Тәулік бойы үздіксіз жұмыс істей береді. Оған іздеудегі адамды танитын жасанды жады орнатылған. Сондықтан ол барлық сұраққа жауап беріп, кез келген тапсырманы араб және ағылшын тілінде орындай алады.


 

Шолушы:Айгерім Таубай

Қатысты Мақалалар