Иранның Шираз қаласында жойқын жарылыс болды. Бұл туралы Қамшы ақпараттық агенттігі Vesti.az мәліметіне сүйеніп хабарлайды.
Алдын ала болжам бойынша оқиғадан кем дегенде 15 адам жараланған. Жарылыс сауда орталығында жергілікті уақыт бойынша сағат 01:00-де болған.
Әзірге жарылысқа не себеп болғаны белгісіз. Кейбір мәліметтерге қарағанда, газ жарылған болуы мүмкін.
Шолушы: Айгерім Таубай