Пантеонға жерленетіндер тізімі жария болысымен Қазақстан азаматтары арасында қызу талқылау жүріп жатыр. Әр түрлі алып - қашпа пікірлер бар. Осы тізімді халыққа кеңінен түсіндіру мақсатында біздің «ҰЖЫМАҚ ПЕН ТАМҰҚ» атты әлемге тарайтын газетіміздің тілшісі , осы тізімнің қақ ортасына кірген, ең жоғары шенді, ең жоғарыда қызымет ететін, осы тізімді жасаушы топтың мүшесі Дөкей Көкүйұлымен сұхбаттасқан еді. Сол сұхбатты бір сөзін қысқартпай сіздерге ұсынып отырмыз құрметті оқырман!
Тілші: Дөкей аға! Пантеонға Президенттердің жерленгені өте дұрыс. Ол адам жақсы болсын жаман болсын мемлекттің тарихында аты қалады. Құрметті атақтары бар, тізімдегі ордендері бар елге еңбегі сіңген азаматтарға да еш кімнің дауы жоқ. Ал, енді не құрметті атағы жоқ, не тізімдегі ордендері жоқ - премьерлер, министрлер, олардың орынбасарлары, мемлекет хатшылары, Президент апаратындағылар т.б. жоғары шенділердің бұл тізімге кіргені халық арасында қарсы пікірлер туғызуда. Себебі, олар сол қызыметті мемлекттен жалақы алып, кәдімгі дәрігер, мұғалім, шахтер, агроном т.б. мамандар сияқты өз міндеттерін атқарған жоқ па? Олай болса, аталған мамандық иелері неге тізімге кірмеген? Осы мәселені ашып айтсаңыз.
Дөкей: Бұл мәселе жан – жақты қаралған. Сіз атап отырған жоғары шенділердің тізімге кіруіне екі түрлі себеп бар. Бірінші – Ең жоғары шенді болудың өзі оңайға түспейді. Оған жету үшін қаншама қаражат пен «ақыл – айла» маңдай тер керек! Сол себепті, ең жоғарыға жететіндерді ынталандру және олардың беделін көтеру. Олардың қарапайым халықтан тірі кезіндегі ерекше артықшылығын қорғай отырып, өлгеннен кейін де мәртебелерінің қатардағы азаматтардан жоғары болатынын көрсету. Екінші – ең бастысы, оларды тірі кезінде қара халыққа қоспай, қалай қорғасақ, өлгеннен кейін де халыққа араластырмай, көр азабынан, әңкүр – мүңкірдің сұрағынан, тамұқтағы оттан, қыл көпірден өткізуден, т,б. о дүниедегі азаптан қорғау. Себебі, олар жұмыс бабымен әр түрлі себептермен біреулермен «алыс – беріс» жасайды. Онсыз лаузым басбалдақтарына көтеріле алмайды. Біздің қоғам «алыс – берістің» дамыған қоғамы екені әлмге білгілі! Халық арасында оны пара мен жемқорлық деп атайды. Олай атау мүлде дұрыс емес. Тіпті Ата - бабаларымыздың өзі «Алаған қолым – береген» - деп, «алыс – беріссіз» іс бітпейтінін айтып кеткен! О дүниедегі тексергіштер де біздің «алыс – берістерімізді» күнәға жатқызып, өлгендерімізді азптайтыны белгілі болып отыр. Тіпті өзіміздің мемлекетімізде сол «қомақтылау алыс – берісімізді» қылмыстық іске жатқызып, қаншамыз сотталып кеттік, қаншамыз тергеудеміз, қаншамыз шет елге кетіп жан сауғалап жүрміз! Құдай бұйырса енді осы Пантеонның арқасында бәрәміз өлгеннен кейін төрт көзіміз түгел, о дүниеде жолығып бас қоспақпыз!
Тілші: Солай деңіз... Пантеонды салғызудағы негізгі мақсаттарыңыз ең жоғары шенділерді алған пара мен жемқорлықтарыңыз үшін о дүниедегі сұрақтар мен азаптан құтқару екен – ғой.
Докей: Жұмыс бабындағы «алыс – беріс» деңіз... Қайдағы пара!
Тілші: Солай – ақ болсын... Сіздер бұл дүниеде өздеріңізге ыңғайлы, заңдар қабылдап, халықтың байлығын «алыс - берістеріңізге» салып, халық алдында еш қашан есеп бермейсіздер. Енді өлгеннен кейін Алланың алдында да есеп бермейсіздер ме?
Дөкей: Мәселе сол есеп беруде болып тұр – ғой... Біз неғұрлым жоғарлаған сайын «алыс – берісіміздің» мөлшері де өседі. Оны біз халықтан жасырғанмен, Алла бәрін көріп отыр – ғой. Ертең өлсек, сол күні Әңкір – Мүңкірін жіберіп тергеуге алады. Олар біздің прокурорлар мен соттарымыздай «алыс – беріске» келіспейді. Шыныңды айтқызып, Тамұқтың отына бір –ақ айдап «шырылдатып» жібереді. Міне мәселе қайда жатыр! Біз пантеонға жерленетін жоғары шенділер тізімін жасағанда, «алыс – берістің» ең жоғары мөлшерін қолданатындарды таңдадық. Ал, әлгі халық пара дейтінді орташа және төменгі мөлшерде алатын, ауылдың, ауданның, жәй қалалардың әкімдерін қаншама жалынғанымен оларды кіргізбедік. Оларды кіргізсек пантеонға тағы бір Астана қаласы сиятын жер телімі керек екен!
Тілші: Оларға обал болған екен... Қазақта жер жетеді – ғой, «Әркімдер» алып жатқан жер емеспе, олар өзіміздің азаматтар – ғой, жандарын қинамай тізімге неге кіргізе салмадыңыздар.
Дөкей: Олардың тірі кезінде жоғары шенге ие болуына мүмкіндіктер берілді. Бірақ, олар ақшаларын аяп, жоғарыға бармады. Сондықтан да олар халық көргенді көріп, кінәлары болса, о дүниеде жазаларын өтесін.
Тілші: Дөкей аға! О дүниедегі жауап пен азаптан Пантеонға жерленетін тізімдегі жоғары шенділерді қалай құтқармақсыздар?
Дөкей: Ол үшін біз ғалымдарға ерекше апарат орнатылған табыт жасаттық. Ол табыт мәңгі шірімейді және көрге Әңкүр – Мүңкірді кіргізбейді. О дүниенің заңы бойынша сұрақ алынбаған пендені періштелер не ұжымаққа, не тозаққа апармайды екен. Себебі, ол жақта демократия! Кінәңді дәлелдемесе жазықсыздан азаптамайды, жақысылық істеріңді анықтамай, қанша пара берсеңде ұжымаққа кіргізбейді. Сұрақ алынбаған адам көрінде алаңсыз рахаттқа батып жата береді екен. Біздің ғалымдар оны дәлелдеді. Сондықтан да біз ең жоғары шенділерді елге еңбек сіңірмеседе, Құрметті атақтары, қажетті ордендері болмаса да, тірі кезіндегідей мемлекттің ерекше қамқорлығына алып, «алыс – берістері» үшін көр азабын көрсетпеу мақсатында Пантеонға жерленетіндер тізіміне кіргіздік.
Тілші: Тізімге неге ұлыттың мақтанышына айналатын – Ақындар, жазушылар, әншілер, суретшілер, композиторлар, ғалымдар т.б. талантылар кірмей қалған. Бұлар тірі кезінде еңбектері бағаланбай не құрметті атақ алмай, не орден тақпай өмірден өтуі жиі кездеседі. Мысалы: ақындар – М.Жүмабаев, Қ.Аманжолов, М.Мақатаев, Ж.Нәжімединов, композиторлар – Ш.Қалдаяқов, Ә.Еспаев, әнші –Ә.Қашаубаев т.б. таланттар. Қазір де еңбегі еленбеген қаншама ұлыт мақтаныштары бар. Осы мәселе туралы не дейсіз?
Дөкей: Ол кісілерге алаңдайтындай ештеңе жоқ. Олар қайда жерленсе де, халық олардың басына өздері барады. Олар халықтың алдында да. Алланың алдында да таза! Талантар пантиеонға жерленбеседе бейштің төрінде болады. Ондай ұлт мақтаныштары көбнесе өздерін туған жеріне, Ата –бабасының қасына жерлеуді өсиет етеді. Не деген бақытты жандар! Егер мен осы жоғары лауазымда болып, «алыс – беріс» жасап кінәға батпасам, міндетті түрде туған жеріме, әке – шешемнің қасына жерлеуді өсиет етер едім. Әттең! Не керек... Әңкүр – Мүңкірдің сүрағы мен тозақтың отынан қорқамын. Сол үшін тізімдегі лауазым иесі ретінде патиеонға жерленемін. Өкінішті – ақ!
Тілші: Өкібеңіз! Міне ораза айы. Кедей – кепшікке, жетім – жесірге мол садақа беріңіз. Аллаға құлшылық етіп, пендешілікпен істеген «алыс – берісіңіз» үшін Рахым сұраңыз! Алла бәрін кешіреді. Жүрек жарды сұхбатыңызхға рахмет!
Аймұханбет Бейсембеков