Жалаңаш денесін 12 мыңнан астам тірі арамен жапқан әйел адам таңқаларлық әрекетке барды (ФОТО)

/uploads/thumbnail/20170710100319932_small.jpg

45 жастағы америкалық әйел Сара Мапелли араларды өзінің киімІ секілді етіп киеді. Ол өз денесінде  12  мыңнан астам араның бар екенін айтқан. Ол өзін аралардың патшайымы деп атайтын көрінеді. Сонымен бірге ол араларды терапиялық мақсатта қолданады екен. Сара аралар арқылы адамдарды емдейді. 

Ол 25 жыл бойы ол бойында түрлі жарақаттар мен ауруы бар адамдарды емдеумен айналысқан. Оның айтуы бойынша, табиғаттан қорқудың қажеті жоқ екен. Ол жәндіктерді өз денесіне тарту үшін алдымен арнайы 100 араның ағзасынан арнайы жақпа май жасап, денесіне жағады екен.

Бұрындары ара шақса жақсы болады, денсаулығың жақсарады дегенді жиі еститінмін. Сараның оқиғасынан кейін ғана сене бастадым. Сара денедегі кішкене жарақаттан бастап, жүрек ауруларына дейін емдей алады. Оның емін алу үшін адамдар көптеген елдерден арнайы келіп, ем алады екен.  

Дайындаған: Әсел Өтешова

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар