Мәскеулік әйел өз ұлын балғамен ұрып терезеден секіріп кеткен

/uploads/thumbnail/20170710100326229_small.jpg

Мәскеудің солтүстігінде әйел өзінің баласын балғамен ұрып, содан кейін өзі терезеден секіріп кеткен деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі lenta.ru-ға сілтеме жасай отырып. 

2 маусым күні сағат 17:30 шамасында 35 жастағы әйел өзінің 10 жастағы ұлын балғамен бірнеше рет ұрған. Содан соң өз-өзіне қол жұмсамақ болып, 5-қабаттан секіріп кеткен. Екеуі де ауруханаға жеткізілген. Осы оқиғаға байланысты тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Қалалық тергеу басқармасының бастығының мәліметінше, оқиға орын алған уақытта әйелдің туысқаны үйде болған.  Баланың апасының айтуы бойынша отбасында ешқандай қиындықтар бұрын-соңды болмаған. Әйел мұндай әрекетке қатты психикалық ауытқу салдарынан баруы мүмкін дейді.

Шолушы: Назерке МҰСА

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар