Терактіден кейінгі Лондонның қазіргі жағдайы (ФОТО)

/uploads/thumbnail/20170710100908000_small.jpg

Жексенбіге қараған түні Лондонда теракті болды деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі. Фургон бірнеше адамды қасақана қаққан.  Осы жағдайдан кейін бірнеше адам көшедегі жүргіншілерге пышақпен шабуыл жасаған. Ресми деректерге сай, 6 адам көз жұмды, 48 адам жараланды.

Полицияның мәліметінше, күдіктілердің саны үшеу болған. Оларды оқиға орнына келген полицейлер сол жерде атып өлтірді.

Бастапқы кезде фургон жүргізушісін ұстады деген ақпарат тараған. Себебі куәгерлер оқиға орнында кісенделген адамды көрген. Алайда бұл ақпарат расталмады. Себебі күдіктілердің ешқайсысы тірі қалмаған.  

Екінші шабуылдан кейін Sun газеті полицейлердің күдіктілерді атқанын хабарлады. Ал әлеуметік желіде адамдарға шабуыл жасағандардың бірінің фотосы жарияланды. Фотодан ер адамның денесінде бомбаға ұқсас жарылғыш зат орнатылғанын көруге болады.

Полиция ұзақ уақыт ешқандай ақпарат бермеді. Олар қауіп әлі сейілмегенін жеткізген. Жергілікті уақыт бойынша таңғы  сағат төртте полиция жүргізген операция нәтижесінде үш адамның көзі жойылды және олардың денесінде  жарылғыш зат орнатылғаны расталды.

Лондондағы қазіргі жағдай қандай?

Боро-Маркета көпірі әлі полицияның қоршауында. Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, полиция өздерін қауіп сейілгендей ұстауда. Соған қарағанда, барлық күдікті құрықталған секілді дейді жергілікті БАҚ.

 Полиция шабуыл кезінде күдіктілерден қорғанып біреу көпірден секіріп кету мүмкін деп болжап, Темазаны да тексеріп жүр.

Жарақат алғандардың барлығы ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер азаматтарды ауруханаға тек қатты қажеттілік болса ғана келулерін сұрап отыр. Себебі барлық күш түнде жарақат алғандарға жұмсалып жатқанын айтады.

Үш айда үш теаракт

Бұл Британиядағы үш айдағы үшінші теракт. 22 наурызда парламент ғимаратының жанында болған терактіден алты адам (оның ішінде шабуылдаушы да бар) көз жұмды. Елу адам жарақаттанды.

Шабуылдаушы Халид Масуд ең алдымен көлікпен жаяу жүргіншілерді қағып, одан кейін көліктен шығып парламентке пышақпен жүргірген. Полицейлер оны сол жерде атып түсірді.

"Манчестер-Аренадағы" жарылыстан 22 адам көз жұмды, 116 адам жарақаттанды.

Халық американдық поп әнші Ариана Гранденің концертінен шығып келе жатқанда 22 жастағы Салман Абеди өзіне байланған бомбаны жарып жіберді.

 

 Дайындаған: Әсем Әлмұханбет

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар