Қорғаста ер адамды пышақтап кетті (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170710101107158_small.png

Алматы облысындағы «Қорғас» аумағында екі ер адамның арасында жанжал болды деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі zakon.kz-ке сілтеме жасап. Оның бірі екіншісіне пышақ сұғып алған. Жараланған ер адам ауруханаға бара жатқан жолда көз жұмды. ІІД оқиғаның мән-жайын айтып берді.

 

«4 маусымда сағат 15:40-та «Қорғастағы» өту пунктінде, кедендік бақылаудан өтетін аймақта жанжал болды. Онда суық қару қолданылды. Жанжал Қазақстан азаматтары: Көктал ауылының 1995 жылғы тұрғыны Кәрібжанов Диас Ернарұлы мен Әулиеағаш ауылының 1992 жылғы тұрғыны Төлегенов Қуаныш Берікұлының арасында болды» деді ІІД өкілі.

 

Құқыққорғау органдарының мәліметінше, төбелесті бастаған Төлегенов пышақпен жараланғаннан кейін аудандық ауруханаға таксимен бара жатқан жолда көз жұмды. «Адам өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тексеру жұмыстары басталды.

 

Күдікті уақытша ұстау изоляторында.

 

Шолушы: Әсем Әлмұханбет

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар