Ресей президенті Владимир Путин өзінің американдық телеарналардың біріне берген сұхбатында АҚШ-ты әлемде болып жатқан саяси процестерге белсенді араласып жатқаны үшін кінәлады. Бұл туралы Қамшы ақпараттық агенттігі RT-ға сілтеме жасап хабарлайды.
NBC арнасынына берген сұхбатында ол қайда қарасаңда АҚШ барлық елдердің саяси процестерінің ішінде, мемлекеттің ішкі саясатында қызу белсенділік танытып жататындығын мәлімдеген.
«Президенттер келеді, кетеді, ауысады, алайда мемлекеттің саяси ұстанымы өзгермейді»-дейді ол. Осы орайда АҚШ президенттігінде кім болатыны қызықтырарлық мәселе емес, себебі не болатыны біз болжамасақ та белгілі деп атап өтті. Сонымен бірге Путин Мәскеудің американдық сайлау науқанына қатысы бар деген пікірлерді тоқтатуды сұрады.
Шолушы: Назерке МҰСА
Пікір қалдыру