Томми Конолли қарапайым студент еді. Ол сабағын жақсы оқыды, спортпен шұғылданды. Ол жеңіл атлетикамен айналысуды жоспарлады.
Алайда оның өмірінде күтпеген жағдай орын алды.
Бір аптаның ішінде ол қарапайым студенттен қамқор әке мен атаға айналды. Томмидің өмірі Ангела есімді бөлесі үйіне келгенде түбегейлі өзгерді. Томми бөлесін оның бала кезінде көрген. Одан бері туысқандар араласқан емес. Белгілі болғандай қыз қиын жағдайға тап болды.
17 жастағы Ангела жүкті екен. Бірнеше жыл бұрын қыз жаман ортаға түсіп, есірткі қабылдауға дейін барған. Ангеланың әпкесі мен ағасы оның жүкті екенін білгеннен кейін үйінен қуып шыққан.
Жүктіліктің соңғы айларына жеткен Ангеланың қалтасында мүлде ақша қалмаған. Амалдың жоқтығынан Томмиға көмек сұрап келген.
Томми еш ойланбастан бөлесін асырап алды. Осылайша бір уақытта әке және ата атанды. Томми жаңа отбасын материалдық тұрғыда қамтамасыз ету үшін бірнеше жұмысты қатар істеді.
Томмидің әрекеті қоғамды таңқалдырды. Ол бөлесіне қол ұшын беруден бас тартқан жағдайда Ангела да, оның баласы да жоқ болып кетуші еді дейді Томми. Томми бөлесін ересектер әлемінде өзін жоғалтып алған бала секілді қабылдайтынын айтады. Ол өз отбасымен және баласының әкесімен қайта қауышады деген сенімде.
Дайындаған: Әсем Әлмұханбет
Пікір қалдыру